20.10.2017 07:42
kz ru en
Главная Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері → ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

 

Государственный герб Республики КазахстанЕлтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының пайда болуымен байланысты 1992 жылдың 4 маусымы елтаңба күні ретінде халық санасында мәңгіге сақталмақ. Жалпы, «герб» термині "ербо" деген неміс сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда «таңба» (белгі) деген мағына береді. Ең алғашқы рет бұл термин ежелгі Түрік қағанаты дәуірінде (551-630 ж.ж.) пайдаланылған.
Егеменді Қазақстанның елтаңбасы – танымал сәулетшілер Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлихановтың орасан, зор еңбектерінің, шығармашылық ізденістерінің нәтижесі.
Елтаңба шеңбер формасында орналасқан. Әлемде нысанның ең жетілген түрі шар формасы болып табылады. Шеңбер элементін әсіресе көшпенді халық ерекше бағалайды. Шеңбер геральдиканың элементі ретінде барлық жерде қолданылады. Әсіресе шығыс елінің көшпенділері ерекше бағалаған. Бұл – мәңгілік өмірдің символы.
Шаңырақ – елтаңбаның жүрегi. Шаңырақты мемлекеттiң пайда болуы негізі ретінде алған. Айналған күн шеңбер қозғалысының суретi сияқты. Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi, көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Елтаңбадағы түндік ашық аспан көгіндегі жарық жұлдызды көзге елестетеді. Елтаңбаның ортасынан бірдей таралған уық жылу мен өмірді бейнелегендей. Шаңырақ үш жүздің бірлігін білдіреді. Осылайша авторлар геральдика тілінде қазақтың бейбітшілік сүйгіштігін жеткізген. Қазақстан елтаңбасы бар халықтың өкілін бір шаңырақтың астына шақырады.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.
Бес бұрышты жұлдыздың да өзінде мәні бар: еліміз бес континентпен де келісім жүргізуге дайын. Елтаңбаның түсі ерекше талғаммен таңдап алынған. Көгілдір мен алтын түсті. Алтын түс – Қазақстанның жарқын болашағын бейнелесе, көгілдір түс – халықтың бірлігі мен елдің бүкіл әлемге деген ашық көңілін білдіреді.
 



 

-
Караганда ................... 8
USD ...................... 334.11
EUR ...................... 394.65
RUB ...................... 5.81

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді