28.04.2017 04:45
kz ru en
Главная Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері → ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

 

Государственный Флаг Республики КазахстанҚазақстан Республикасының мемлекеттік туы – Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Сол жағында ұлттық ою-өрнегіміз орналасқан, ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір туымыз еліміздің әкімшілік ғимараттарын көркем етіп, Егеменді Қазақстанның елшілік ғимараттарында халықтың тұтастығын бейнелеп тұр. Әрі Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының жанында да орналасқан. Мемлекеттік ту – еліміздің тәуелсіздік және егемендік символы. Оның авторы Шәкен Ниязбеков. Біздің бұл қасиетті символымыз Шәкен Ниязбековтың шығармашылық ізденісінің, орасан еңбегінің жемісі.
Мемлекеттік туды дайындау сайысында 600-ге жуық жобалар ұсынылды. Алдын ала іріктеулен соң соның ішінде ең үздік деген төрт жоба Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына талқылауға ұсынылды.
Мемлекеттік тудың басты элементі – оның түсі. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Символика тілінде бүркіт бейнесі мемлекеттік басқару, кең пейілділік және қырағылық деген ұғымды білдіреді. Дала халқы үшін бұл символ бостандық, егемендік, биік шыңдарды бағындыру, болашаққа самғау ұғымымен бірдей. Тудағы бүркіт бейнесі Егеменді Қазақстанның әлемдік мәдениеттілік шыңына шығуға ұмтылу идеясынан туған.
Біздің туымызға қайталанбайтын сипат, жаңашылдық түр беретін нақышталған ою-өрнегімізді айта кеткен жөн. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз ою-өрнегі суреттелген.
 



 

-
Караганда ................... 10
USD ...................... 313.90
EUR ...................... 342.03
RUB ...................... 5.52

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді