28.04.2017 04:52
kz ru en
Главная Басқарма жұмысы → Жұмыс регламенті

Жұмыс регламенті

Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы жұмысының
РЕГЛАМЕНТІ

1. Жалпы қағидалар
1.1. Регламент Қарағанды облысы мемлекеттік активтер және                                                   сатып алу басқармасының (бұдан әрі – басқарма) ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс режимін белгілейді.
1.2. Басқарманың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және                                                   сатып алу басқармасы Ережесі мен құрылымының негізінде әзірленген.
2. Басқарма қызметін ұйымдастыру негіздері
2.1. Басқарманы Қарағанды облысының әкімі мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке қабылдап, қызметінен босататын басқарма бастығы басқарады.
2.2. Басқарманың ішкі құрылымы мен шекті штаттық санын Қарағанды облысының әкімдігі бекітеді.
2.3. Басқарма бастығы Басқарма қызметін басқарады және оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен функциялардың жүзеге асырылуына жеке жауапты болады.
2.4. Басқарма бастығы Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
2.5. Басқарма бастығы болмаған кезде оның міндеттерін Басқарма туралы ережеге немесе облыс әкімінің өкіміне сәйкес орынбасарлары орындайды.
2.6. Басқарма бөлімдерінің бастықтары өз бөлімдерінің қызметін Басқарма бастығының жетекшілік ететін орынбасарларымен келісіп отырады.

3. Жұмыс режимі
3.1. Бес күндік жұмыс аптасы белгіленген, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
3.2. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 8 сағат.
Жұмыстың басталуы – сағат 9-00-де.
Жұмыстың аяқталуы – сағат 18-00-де.
Түскі ас үзілісі – 13-00-ден 14-00-ге дейін.
Ішкі жұмыс күні – сәрсенбі.

4. Басқарма жұмысын жоспарлау
4.1. Басқарма жұмысы тоқсандық және ағымдағы жоспарлар негізінде құрылады. Ағымдағы жоспарлар бір айға жасалады.
4.2. Бөлім бастықтары өз ұсыныстарын дайындап, оларды Басқарма бастығының жетекшілік ететін орынбасарларымен келіседі және тоқсанға жасалған ұсыныс жоспарларын кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөліміне жоспарлы тоқсан басталардан бұрын 10 күннен кешіктірмей тапсырады.
4.3. Кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімі бұл ұсыныстарды екшеп, Басқарма жұмысының тоқсандық жұмысының жобасын құрады.
4.4. Басқарма бастығы орынбасарларының келісімімен жасалған Басқарма жұмысы жоспарының жобасы жоспарлы тоқсан басталардан бұрын 7 күннен кешіктірілмей Басқарма бастығына бекітуге ұсынылады.
4.5. Әр тоқсанға арналған жұмыс жоспарының жобасы бекітілген тоқсан жоспарына сәйкес құрылып, жоспарлы кезең басталардан бұрын 5 күннен кешіктірілмей Басқарма бастығына бекітуге ұсынылады.
4.6. Әрбір айға арналған жұмыс жоспары бекітілген тоқсан жоспарына сәйкес құрылып, жоспарлы кезең басталардан бұрын 3 күннен кешіктірілмей Басқарма бастығына бекітуге ұсынылады.
4.7. Бұрынғы жоспарлардың орындалуы туралы есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей тапсырылады.
4.8. Басқарма жұмысы жоспарларының орындалуына жалпы бақылау жасау кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімінің бастығына жүктеледі.

5. Басқарманың аппараттық кеңестерін
дайындау және жүргізу
5.1. Басқарманың аппараттық кеңестерін Басқарма бастығы жүргізеді.
5.2. Аппараттық кеңестерде бюджеттің атқарылу процестерін ұйымдастыру және үйлестіру, Қарағанды облысында коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алу, Басқарманың тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру мәселелері талданады.
5.3. Аппараттық кеңеске ақпарат дайындауға жауапты тұлғалар күн тәртібімен кеңес өткізілерден бір апта бұрын таныстырылады.
5.4. Қызметкерлерге кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімінің жетекші маманы хабарлайды.
5.5. Кеңесті Басқарма бастығы, бастық болмаған кезде басқарма бастығының орынбасарлары жүргізеді.
5.6. Басқарманың әрбір аппараттық кеңесі хаттамамен рәсімделуі тиіс. Хаттаманы жүргізіп, рәсімдеуге жауапты – кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімінің жетекші маманы. Рәсімделген хаттамалар Басқарма бастығына бекітілуге ұсынылады.
5.7. Хаттамаларға күнтізбелік жыл шегінде реттік нөмірлер беріледі. Аппараттық кеңеске қатысушылар тізіммен рәсімделеді. Хаттамада күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер, олар бойынша қабылданған бұйрықтар мен тапсырмалар көрсетіледі. Хаттамалар істер номенклатурасы бойынша Басқарма папкасына тігіледі.
5.8. Басқарма бастығының орынбасарлары апта сайын жұма күнгі сағат 10-00-де өткен аптадағы жұмыс қорытындыларын қарау және алдынғы аптаға берілетін тапсырмаларды анықтау бойынша бөлім бастықтарымен жұмыс бабында кеңестер өткізіп отырады.
5.9. Басқарманың аппараттық кеңестерінің мәселелері бойынша бөлім бастықтары өз бөлімдерінің қызметкерлерімен жұмыс бабында кеңестер өткізеді.

6. Басқарма бастығының бұйрықтарын
дайындау және рәсімдеу тәртібі
6.1. Басқарма бланкілерінде басылған, орындаушылардың, заңгерлердің, мүдделі бөлім бастықтарының қолдары қойылған, Басқарма бастығының жетекшілік ететін орынбасарлары келіскен бұйрық жобалары Басқарма бастығына қол қоюға ұсынылады.
6.2. Басқарма бастығының қолы қойылған бұйрықтарды (түпнұсқаларын) жауапты тұлға тіркейді және кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімінде сақталады.
6.3. Жеке құрам, қызметкерлердің демалыстары мен іссапарлары бойынша бұйрық жобалары негізгі қызмет бойынша бұйрықтардан бөлек топталады.

7. Әкімдік пен мәслихатқа
құжаттар дайындау және рәсімдеу тәртібі
7.1. Әзірлеушісі қаржы басқармасы болып табылатын облыс әкімдігінің құжаттары (қаулы, өкім, шешім жобалары) әкімдік регламентіне сәйкес қол қойылатын әкімдік пен облыс әкімінің бланкілерінде дайындалады.
7.2. Облыстық мәслихат құжаттарына (облыстық бюджетті атқару туралы есепті бекіту жөніндегі шешім жобасына) облыс мәслихатының регламентіне сәйкес қол қойылады.

8. Құжаттар мен тапсырмаларды
бақылау тәртібі және оны ұйымдастыру
8.1. Басқармаға келетін құжаттардың орындалу мерзімдерін іс жүргізуші – кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімінің бас маманы бақылауға алады.
8.2. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін, Президент пен Премьер-Министрдің тапсырмалары бар құжаттарды, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттарды, Басқарма бастығының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау ерекше бақылауға алынады.
8.3. Жоғары тұрған органдардың құжаттары мен тапсырмаларының, Басқарма бастығының тапсырмалары мен бұйрықтарының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастыру үшін жауаптылық кадрлық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімінің бастығына жүктеледі.
8.4. Бақылауға алынған құжаттар құжатта немесе олардың бұрыштамаларында көрсетілген мерзімдерде орындалады. Нақты орындау мерзімі көрсетілмесе – құжат немесе тапсырма келіп түскеннен кейінгі 10 күн ішінде, «шұғыл түрде» деген белгісі бар құжаттар кідіріссіз орындалады.
8.5. Жоғарғы ұйымдардан келіп түскен, орындау мерзімі құжатқа қол қойылған күннен бастап саналатын құжаттарды қоспағанда, құжатты орындау мерзімі құжат Басқармаға келіп түскен күннен бастап саналады. Егер құжат уақтылы орындалмайтын болса, орындаушы кідіріс себебін жазбаша негіздеп, орындау мерзімін кейінге қалдыруды сұрайды.
8.6. Орындаушы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша әкімнің бақылауындағы тапсырмаға арнап, оны іске асыру барысы жөнінде барлық материалдар жинақталған «Жинақ папкасын» жүргізеді.
8.7.Басқарма бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолы қойылған, облыс әкімінің тапсырмасын орындау жөніндегі (соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін іске асыру бойынша) ақпарат әкімнің немесе әкімнің жетекшілік ететін орынбасарының атына ұсынылады. Құжат бақылаудан облыс әкімінің бұрыштамасы негізінде алынады.
8.8. Аппараттық кеңестерде берілген Басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау аппараттық кеңес хаттамасындағы орындау бағанында белгіленіп, орындаушының қолымен куәландырылады.

9. Азаматтардың арыздарын, өтініштерін,
шағымдарын қарау тәртібі
9.1. Азаматтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдар қабылданған күні белгіленген нысан бойынша журналда тіркеледі.
9.2. Журналда арызды немесе шағымды қарау және оны орындау жөнінде белгі қойылады. Жауап жазбаша берілсе, шығыс нөмірі мен жауапты орындаушы көрсетіледі.
9.3. Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы белгілі бір күндер мен уақытта жүзеге асырылады:
Басқарма бастығы – жұма күні 16-00-ден 18-00-ге дейін.
Бастықтың орынбасарлары – дүйсенбі күні 16-00-ден 18-00-ге дейін;
сәрсенбі күні 16-00-ден 18-00-ге дейін.
9.4. Басқармада сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы бұзу фактілерін хабарлау үшін сенім телефоны орнатылған (41-16-56,50-67-88).
9.5. Мемлекеттік қызмет этикасын бақылау кітабы Басқарманың қабылдау бөлмесінде болады, сондай-ақ, бұл кітапта азаматтардың шағымдары мен өтініштері де тіркеледі.

10. Қызметтік хат-хабарларды
орындау, рәсімдеу және жіберу тәртібі
10.1. Қызметтік хат-хабарларды орындау, рәсімдеу және жіберу тәртібі Іс жүргізу жөніндегі ережемен анықталуы тиіс.
10.2. Құжат төрттен астам адресатқа жіберілетін кезде орындаушы қол қойған жіберу көрсеткіші дайындалады.
10.3. Қызметтік хат-хабарларды қабылдап, жіберуді кеңсе жүзеге асырады. Құжаттарды кеңседен тыс беруге немесе жіберуге тыйым салынады.

11. «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс
11.1. Облыс әкімінің аппаратынан Басқармаға келіп түскен «ҚПҮ» белгісі бар құжаттар кеңседе тіркеліп, Басқарма бастығынан Басқарма бастығының орынбасарына және тікелей орындаушыға беріледі.
11.2. «ҚПҮ» белгісі бар барлық құжаттар (оның ішінде көбейтілгендері де) арнайы журналда тіркеледі. «ҚПҮ» материалдары металл шкафтарда немесе сейфтерде сақталуы тиіс.
11.3. Орындаушыларға «ҚПҮ» белгісі бар құжаттардың мазмұнымен оған қатысы жоқ тұлғаларды таныстыруға, сондай-ақ, кеңсеге мәлім етпестен жоюға тыйым салынады.

12. Тексерулер жүргізу тәртібі
12.1. Басқарма өз құзыреті шегінде тексерулер ұйымдастырып, жүргізе алады.
12.2. Тексерулерді жүргізу үшін Басқарма тексеру тағайындау туралы бұйрық шығарады, оған мөр басылып, басшы немесе Басқарма бастығының орынбасары қол қояды, сондай-ақ тексеру жүргізудің жоспары бекітіледі.
12.3. Бұйрықтың көшірмесі, сондай-ақ тексеру жоспары тексеру жүргізілетін күні тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.
12.4. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстар мен қойылған міндеттер көлемінің есебімен белгіленеді және отыз күнтізбелік күннен аспайды.
12.5. Тексеру нәтижелері туралы анықтама тексерілетін субъектіге берілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып саналады, алайда, ол күн бұйрықта көрсетілген, тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмеуі тиіс.
12.6. Тексеру нәтижелері барлық тексерілетін мәселелер бойынша талдау, қорытындылар және ұсыныстар қамтылған анықтамамен рәсімделеді және екі дана етіп жасалады, оның біреуі тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады. Тексеру нәтижелері тексерілген мәліметтер мен фактілер негізінде анықтамада баяндалады. Ол мәліметтер тиісті құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған қорытындыларды, ұсыныстар мен деректерді анықтамаға енгізуге жол берілмейді.
12.7. Тексеру нәтижелері бойынша заңнама бұзылмаған жағдайда анықтамаға тиісінше жазба енгізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъект басшысы оларды жазбаша түрде көрсетеді. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы анықтамаға қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі қойылады.
12.8. Тексерілетін субъектінің басшысы тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда Басқарманың тексеруді жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиісті жазба енгізеді. Анықтаманың екінші данасы тексеру аяқталғаннан кейін тексерілетін субъект басшысына тапсырылады.
12.9. Жоғарыда көрсетілген тармақтардағы іс-әрекеттер азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын, заңды тұлғаларға бекітілген облыстық коммуналдық меншікті түгендеу және есепке алу міндеттемелерін орындау бойынша тексеру жүргізумен байланысты қатынастарға қолданылмайды.
12.10. Басқарма қызметіне өзге бақылаушы органдар жүргізетін тексерулер тексеру үшін сұратылатын материалдар белгіленген арнайы журналда тіркеледі.
12.11. Материалдарды тексеруге беру қатаң түрде Басқарма басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.

13. Кеңестерді, басқа да іс-шараларды
дайындап, өткізу тәртібі
13.1. Бюджетті атқару, коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша басшылар және мамандар шақырылған семинар-кеңестер мен басқа да іс-шаралар Басқарма жұмысының тоқсандық және ағымдағы жоспарларына сәйкес өткізіледі.
13.2. Жоспарда белгіленген өткізу мерзімдеріне сәйкес, өткізу реті, күн тәртібі, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары, қатысушылар мен шақырылғандар тізімі жасалады.
13.3. Семинарлардың, кеңестер мен басқа да іс-шаралардың материалдары папкаға тігіліп, материалдары дайындалып, іс-шараларды өткізуге жауапты бөлімде сақталуы тиіс.

14. Басқарма қызметкерлерінің
кеңестерге шақыру және кеңестерге шығу тәртібі
14.1. Облыс басқармаларының, комитеттерінің, қалалары мен аудандарының, өзге де жауапты тұлғалардың мамандары кеңеске басқарма бастығы немесе оның орынбасарлары келісіп, қол қойған телефонхатпен шақырылады.
14.2. Басқарма қызметкерлерінің қалаларға, аудандарға, сондай-ақ облыс аумағынан тысқары шығуы іссапар құжаттарымен, Басқарма бастығының бұйрығымен рәсімделеді.
14.3. Басқарма қызметкерлері қала бойынша мекемелер мен ұйымдарға шығар алдында белгі қою журналында тиісінше жазба енгізулері қажет.

-
Караганда ................... 10
USD ...................... 313.90
EUR ...................... 342.03
RUB ...................... 5.52

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді