27.06.2017 09:47
kz ru en
Главная → Атқарылған жұмыс туралы басқарма басшысының есебі

Атқарылған жұмыс туралы басқарма басшысының есебі

Коммуналдық мүлікті тиімді басқару және
мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру

Қоғам мен мемлекетте болып жатқан қазіргі заманғы түбегейлі өзгерістер жағдайындағы негізгі мақсат азаматтардың әл-ауқатын арттыру әрі қазақстандық мемлекеттілікті нығайту болып табылады. Заманауи түбегейлі өзгерістер жағдайының құрамдас бөлігі мен басым бағыты – есеп беретін және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады. Осындай алға қойған міндеттердің қатарында мемлекеттік активтерді басқару мен мемлекеттік сатып алуды өткізу тиімділігін арттыруға баса назар аударылады. Аталмыш бағыттар бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету мақсатында коммуналдық меншікті сапалы басқаруды қамтамасыз етуге негізделген. Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік мүлікті жалға беру рәсімдері заңсыз араласуды болдырмау әрі ашықтық деңгейін арттыру мақсатында электрондық порталдар арқылы қатаң түрде заңнама талаптары сақтала отырып жүзеге асырылып келеді.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін, республикалық және жергілікті деңгейлердегі барлық конкурстар мен аукциондарды орталықтандыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органды құру мақсатында  Басқарманың функциялары кеңейтіліп, мемлекеттік сатып алу саласындағы функциялармен толықты. Бұл – Қарағанды облысының мемлекеттік органдары, мекемелері мен кәсіпорындары өткізетін мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуді іске асыру.
Қарағанды облысы әкімінің 2015 жылғы 1 қаңтардағы өкімімен Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде объектілерді салу мен реконструкциялау бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыра бастады. Электрондық конкурстар өткізу барысында Қарағанды облысының әкімі конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады.
Негізінен, Басқарма 2015 жылы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде жалпы сомасы 16,2 миллиард теңге сомасына 105 конкурс өткізді. Бұлар – 27 ауылдық дәрігерлік амбулатория, Қарағанды қаласындағы Гүлдер ықшам ауданындағы 1 200 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп, Қарағандыдағы Кең дала-2 ықшам ауданындағы 320 орынға арналған балалар бақшасы, Сәтпаев қаласындағы 600 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп, Нұра ауданының Шахтерский кентіндегі 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының аяқталуы, Сәтпаев қаласындағы 9 (тоғыз) көп қабатты тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы, Ұлытау ауданының Ұлытау селосындағы 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Ұлытау селосындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы көшесінің бойындағы екі пәтерлі  10 коммуналдық үйдің құрылысы мен бірқатар әлеуметтік маңызды объектілер.

Бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурстардың нәтижесі бойынша шартты үнем 900 млн.теңгені құрады.
Конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге сыбайлыс жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында конкурстарға облыстық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылады.
Осындай шаралар мемлекеттік сатып алуды тиімді әрі уақытылы өткізуді қамтамасыз етуге және нәтижесін бюджет қаражатын оңтайлы пайдалануға бағыттауға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, Басқарма мемлекеттік органдар, сондай-ақ  квазимемлекеттік сектордың объектілері өткізген мемлекетік сатып алуға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.
Өткен жылдың қорытындысы негізінде облыс бойынша жалпы сомасы 34 млрд. 169 млн. теңгеге 782 конкурс пен аукцион (оның ішінде 1 млрд. 503 млн.теңгеге  81 аукцион) өткізілді.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жалпы сомасы               20 млрд. 977 млн.теңгеге барлығы 260 конкурс пен аукцион (оның ішінде 62,3 млн.теңгеге 2 аукцион) өткізуді жоспарлаған, барлық конкурстық рәсімдер жарияланған.
Қалалар мен аудандар жалпы сомасы 13 млрд. 192 млн.теңгеге 522 конкурс пен аукцион (оның ішінде 1 млрд. 400 млн.теңгеге 79 аукцион) өткізуді жоспарлаған, барлық конкурстық рәсімдер жарияланған.
Өткізілген конкурстар мен аукциондардың қорытындысы бойынша шартты үнем 2 млрд. 657 млн. теңгені құрады.
2015 жылы алға қойылған міндеттер шеңберінде мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды оңтайландыру іс-шаралары жүргізілді. 2016 жылғы 1  қаңтар жағдайына коммуналдық меншікте 1727 ұйым бар.
Таза кірістер бөлігінен және қатысу үлесіне кірістерден аударымдар түрінде облыстық бюджетке түскен түсімдер 99 млн. теңгені құрады.
2015 жылы коммуналдық заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторингі шеңберінде бес кәсіпорын бойынша тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы талдау жүргізілді, соның нәтижесінде кәсіпорындарды неғұрлым тиімді басқару жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Коммуналдық меншік ұйымдары қызметтерінің түрлеріне талдау жасалды, нәтижесі бойынша бәсекелес ортасы бар қызметтердің түрлері ұйымдардың жарғыларынан шығарылды.
Аталмыш бағытта одан әрі жүргізілетін жұмыстар бейінді емес кәсіпорындарды, дегенмен бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды анықтау жолымен бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік ұйымдардың қосымша тізбесін айқындауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің активтерін басқару саласындағы міндеттерді іске асыру мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болғаннан сәттен бастап және оларды тоқтатқанға дейінгі мемлекеттік мүлікті басқарудың бірыңғай тетігін қалыптастыруға, мемлекеттік активтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құзыретінің айқын шегін анықтауға және олардың басшыларының мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Басқарма жұмысының тағы бір бағыты 2015 жылы жекешелендірудің Екінші толқыны шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру болды. Осы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, соған сәйкес Қарағанды облысында                41 ұйым жекешелендіріледі.
2015 жылы Қарағанды қаласындағы «Қарағанды-Көркем» ЖШС сатылды, сату бағасы 2,6 млн. теңге.
2014-2015 жылдары бірнеше рет өткізілген сауда-саттықтар қатысушылардан өтінімдердің болмауына байланысты сәтті болмады. Сатылмаған объектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыстар ағымдағы жылы жалғасатын болады.
Қарағанды облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мүлікті сатудан 4 миллион теңгеден аса кіріс түсті.
2016 жылы жекешелендіру кестесіне сәйкес 7 ұйым сатылымға шығарылады, оның ішінде:
- облыстық коммуналдық меншік бойынша – 2;
- аудандық (қалалық) коммуналдық меншік бойынша – 5.
Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамыту мақсатында 2015 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлікті жалдау мөлшерлемесін айтарлықтай төмендетті. Бұл ретте аталмыш шараның жеке кәсіпкерлер үшін де, мемлекет үшін де өзара тиімді нәтижелері бар екенін айта кеткен жөн, жасалған шарттар санының өсуі есебінен Қарағанды облысының бюджетіне түсімдер ұлғайды, ал кәсіпкерлер үшін үй-жайларды жалға алу шығындарын айтарлықтай қысқарту мүмкіндіктері пайда болды.
Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден есепті кезеңде 68,0 млн.теңге түсті немесе жоспардағыдан 102,7 %. Осы кезеңде 253 шарт жасалды.
2015 жылғы тамызда көп жылғы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде  «Валют-Транзит Банк» акционерлік қоғамы салымшыларының мәселесі шешімін тапты.
2015 жылғы 17 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы-банк 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мәжбүрлеп таратылған жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым депозиторларға – жеке тұлғаларға кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берiлген өтемақыны депозит бойынша есебіне жазылған сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында, бірақ бес миллион теңгеден аспайтын сомада төлейдi.


Заңды орындау мақсатында 2015 жылғы 10 тамызда салымшылардан өтініштер қабылдау басталды. «Банк ЦентрКредит» АҚ банк-агент болып белгіленген.
Бүгінгі таңда 3801 салымшы 3,64 млрд.теңге сомасындағы салымдарын алды.
Ағымдағы жылы Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы облыстың коммуналдық меншігін басқаруды әрі бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізуді одан әрі жалғастыратын болады.

Қарағанды облысының
мемлекеттік активтер және
сатып алу басқармасының
басшысы        М. Кадеков

-
Караганда ................... 20
USD ...................... 325.00
EUR ...................... 362.80
RUB ...................... 5.50

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді