13.12.2017 20:39
kz ru en

07 Желтоқсан 2017
Қарағандыда алғашқы қалалық жаңа жылдық фестиваль басталады

 Қарағандылықтарда өздерін жаңа жылдың басты нышаны – шыршаны безендіруші дизайнер ретінде байқауға мүмкіндік туады.
«Қарағандының креативті шыршасы» фестиваліне барлық қалаушылар қатыса алады – жеке өзі немесе топпен. Қатысушыларға биіктігі 3 метрден аспайтын шырша жасау керек. Оны сонымен бірге кез-келген техникамен түрлі материалдардан жасауға болады. Жәнеде ең бастысы – шырша дизайнерлері өз туындыларын анағұрлым ерекше және қайталанбастай етіп жасау.
«Қарағандының креативті шыршасы» бірінші қалалық фестиваль Бұқар Жырау даңғылынан бастап орталық саябақтағы жағалауға дейін каскад алаңының бойынша тізілетін болады (оң және сол жақта).
Жаңа жылдық жобаға қатысушылардың 2017-ші жылдың 24-ші желтоқсанына дейін өз шыршаларын құрап, безендіруге, жәнеде 2017-ші жылдың 25-ші желтоқсанына дейін орнатуға уақыты бар.
Ең үздік шыршаны 2017-ші жылдың 26-шы желтоқсанында байқау комисссиясы 5 ұпайлық жүйемен бағалап, таңдайтын болады. Іріктеу барысында шығармашылық ойдың бірегейлілігі, жұмыс сапасы, сипаты бағаланады. Үш үздік жұмыстың авторларыбағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қарағанды – біздің ортақ үйіміз. Ал үймізді барлығымыз жұқмылып безендіруіміз қажет. Фестиваль ұйымдастырушылары «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КММ Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізеді. Ұйымдастырушылардың пікірінше бұл шара қала тұрғындары мен қонақтардың мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар дарынды қатысушыларға өз идеяларын жүзеге асыруға ықпал етеді. Мүмкін бірінші фестиваль қарағандылықтардың көңілінен шықса, алдағы уақытта ол жыл сайын өткізілетін дәстүрге де айналып кетуі әбден мүмкін.
Барлық сауалдармен «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КММ келесі нөмірі бойынша хабарласуға болады: 30-44-19.

 


Вернуться назад

-
Караганда ................... -19
USD ...................... 335.38
EUR ...................... 394.07
RUB ...................... 5.67

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді