25.11.2017 08:12
kz ru en

14 Қараша 2017
«Орталық» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атанды

 13-ші қарашада Алматы қаласында, Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрында «Алтын Адам» ұлттық сыйлығының лауреаттарына Алтын сарбаздың мүсіншесі табыс етілді. Еліміздің құрметті және танымал азаматтарынан құралған қазылар алқасы 2017-ші жылғы мәдениет, бизнес, медицина, өнер, масс-медия және спорт саласындағы үздіктерді атады.
«Орталық» аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов «Отан алдындағы қызмет» номинациясында «Жыл тұлғасы» атанды.
Еркін Ботақанов – Қазақстан Республикасының ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Осыған дейін ҚР ІІМ ішкі әскер Қолбасшысының орынбасары, Бас штабтың басшысы болған. 2014-ші жылдан бастап Қарағанды облысында орналасқан «Орталық» аймақтық қолбасшылығына Қолбасшы лауазымына тағайындалған болатын.
«Жыл тұлғасы – Жыл таңдауы» фестивалі халықаралық дәрежеге ие және ТМД-ның бес елінде өтеді: Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Украинада және Белорусте. Жыл сайын жобаның қорытындысы ресми аудиттен өтеді.
«Жыл тұлғасы» – «Жыл таңдауы» ұлттық жобасы саясаттан алшақ және коммерциялық тұрғыда тәуелсіз болып табылады. Шығындар келісілген түрде жобаның ұлттық демеушілері есебінен жабылады. Жоба қоғамдық ұлттық ретінде басталып, ерекше ынтамен қазақстандық қоғамнан, БАҚ және халықаралық ұйымдардан қолдау тапты. Жобаның міндеті мен ұстанымы – намысшыл патриоттық сезім және Отанға деген кіршіксіз сүйіспеншілік. «Алтын Адам» сыйлығы тегін табыс етіледі жәнеде қаржылай сүймелденбейді, оның жалғыз ғана баламасы – Қазақстан халқы мен қоғамның құрметі мен алғысы.


Вернуться назад

-
Караганда ................... -5
USD ...................... 330.39
EUR ...................... 392.04
RUB ...................... 5.65

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді