13.12.2017 13:07
kz ru en

12 Қазан 2017
Киевкада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жауынгер-интернационалистерге ескерткіш орнатылды

 Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде жауынгер-интернационалистерге арналған еркерткіш орнатылды. Жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер қаржыландырды.
- Афган соғысы қазақстандықтардың, балаларын жоғалтқан әкелер мен аналардың есінен кетпейді. Барлық ұрпақтар өз батырларын – сол сұрапыл соғыстың барлық қиындықтарын бастан кешкен қарапайым сарбаздарды дәріптеулері қажет, - деді Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов ескерткіштің ашылу салтанатында.
Ауғаныстандағы шайқастарға 96 нұралық азаматтар қатысқа, оның төртеуі қаза болған. Мемориалдың ашылуында барлық жауынгер-интернационалистер, қаза болған солдаттардың туғандары жиналды.
Ескерткіштің авторы – қарағандылық суретші Игорь Баграмов. Мүсіндік композиция екі бөліктен құралады. Біріншісі – солдаттың кеудесі, екіншісі – әскери керуендер өткен бұралаң тау жолдарының бейнесі.


Вернуться назад

-
Караганда ................... -21
USD ...................... 334.85
EUR ...................... 394.29
RUB ...................... 5.69

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді