22.10.2017 03:02
kz ru en

12 Қазан 2017
Қарағанды облысында өрт сөндіру гидранттарының жағдайы тексерілді

 Қарағанды облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның отырысында өртке қарсы сумен қамту сыртқы жүйелерінің жағдайы талқыланды. Тексеріс нәтижесінде осы саладағы кемшіліктер анықталды.
- Қарағанды облысында коммуналдық ұйымдар мен шаруашылық нысандарында 11 578 өрт сөндіру гидранттары мен 603 өрт сөндіру су қоймалары бар. 2017-ші жылы өртке қарсы су көздерінің жағдайларын тексеру нәтижесінде өрт сөндіруге тек 7 673 гидрант пен 434 су қоймаларын пайдалануға болатыны анықталды. Қалған су тарату көздерін белгілі бір техникалық себептерге байланысты пайдалану мүмкін болмай шықты, - деп мәлімдеді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Біржан Кәрімов.
Оның айтуынша, 3800-ден астам гидранттар ағымдағы жөндеуден, ал 2000-ы күрделі жөндеуден өтуді талап етеді
Комиссия отырысында сонымен қатар азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы, ірі кәсіпорындарда өрт және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.
Жыл басынан бері «Корпорация «Қазақсмыс» ЖШС мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бөлімшелерінде 49 тексеріс өткізілген. Жыл соңына дейін тағы 26 нысанда өртке қарсы дайындық жағдайлары тексеріледі деп жоспарлануда.
Жиналыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Анатольй Шкарупа тапсырмалар берді, оның ішінде азаматтық қорғаныс қызметтерінің іскерлігін жақсартуға қатысты міндеттер қойылды.


Вернуться назад

-
Караганда ................... 2
USD ...................... 335.24
EUR ...................... 395.82
RUB ...................... 5.82

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді