25.11.2017 08:13
kz ru en

10 Тамыз 2017
Қаражал қаласына жаңа әкім тағайындалды

 Аймақ басшысы Ерлан Қошанов Қаражал қаласына жаңа әкімді тағайындады. Шаһарды Досаев Тілектес Темірбекұлы басқаратын болады.

Досаев Тілектес Темірбекұлы 1974-ші жылдың 30-шы қарашасында Павлодар облысының Майский ауданы, Болгорье ауылында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар. 1999 жылы Қрағанды мемлекеттік техникалық университетін өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016-шы жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры дипломын иеленген.
Еңбек жолын 2000-шы жылы Совет ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының және Қарағанды облысы әкімі аппаратының абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау бөлімдерінде бас маман қызметін атқарған.
Аймақ басшысы Ерлан Қошанов Қаражал қаласының бұрыңғы әкіміне осы лауазымда 5 жылда жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді.


Вернуться назад

-
Караганда ................... -5
USD ...................... 330.39
EUR ...................... 392.04
RUB ...................... 5.65

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді