13.12.2017 13:05
kz ru en

19 Мамыр 2017
10 мыңға жуық қарағандылық мемлекеттік қызметкерлер біліктіліктерін арттырды

 Қарағанды қаласындағы Мелекеттік қызметкерлерді даярлау және біліктіліктерін арттыру орталығының жұмысымен танысу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Әділбек Мұқашев келіп қайтты. Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін ведомство өкілі тәлімгерлермен кездесіп, білім жүйесімен танысты.
«Бұл жұмыстар кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша тапсырмалар шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. Өңірлік орталықта мемлекеттік қызметті өту жалпы жүйесіне интеграцияланатын және жеке-дара тәсілге негізделген мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесі құрылған. Сабақтар интерактивті формада өтеді – тренингтер, жобалар құру, іскерлік ойындар, пікірталастар және т.б.», - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметтер департаментінің баспасөз қызметі.
Орталықтың мәлімдеуінше, 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мұнда облысымыздың 14 400 мемлекеттік қызметкері білім алған, оның 9977-і біліктіліктерін арттырған, 4445-і қайта даярлау курстарын өткен. 2017 жылдың бірінші тоқсанында орталық 323 мемлекеттік қызметкер оқытты, оның 237-і біліктілікті арттыру курсын өтсе, 86-сы қайта даярлау дәрістерін алған.
Кездесу барсында сондай-ақ тыңдаушыларға қызметтік этика нормалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы әңгіме айтылды.


Вернуться назад

-
Караганда ................... -21
USD ...................... 334.85
EUR ...................... 394.29
RUB ...................... 5.69

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді