27.06.2017 09:40
kz ru en

21 Сәуір 2017
Қарағандыда және Теміртауда «Астана Опера» театрының гастрольдері өтіп жатыр

 Қарағандыда 20-21 сәуірде «Астана Опера» театрының жетекші солистері, дирижерлері мен хоры өнер көрсетеді. Жексенбі күні, 22 сәуірде концерттік бағдарлама Теміртауда өтеді.
- Бұл «Астана Опера» театрының дүниежүзілік турнеден кейінгі алғашқы гастрольдері, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының опералық труппасының жетекшісі Байғали Момбеков. – Қарағандылықтардың назарына Орфтың «Кармина Бурана» туындысын ұсынбақпыз.
Композитордың шығармашылық жолы осы шығармадан басталған. Орф латын және ежелгі неміс тілдерінде жазылған осы аттас ортағасырлық өлеңдер жинағын оған негіз ретінде алған. Көп мәрте аударылғанына қарамастан, туынды әрқашан да түпнұсқа тілде орындалады.
- «Кармина Бурана» - бұл әлемдік сахнадағы ең танымал шығарма, - дейді «Астана Опера» театрының бас хормейстері, қоюшы дирижері Ержан Дәуітов. – Статистика бойынша барша әлемде күн сайын оны кем дегенде бес рет көрсетеді. Ол қарапайым – оркестрдің музыкалық тілі, техникалық әдістері күрделі. Неміс тілінің маманын әдейі шақырдық, ол артистермен жұмыс істеді. Қарағандыда концерттік нұсқасы көрсетіледі, яғни артистер сахнада тұрып, ән айтады. Ал негізі шығарманы спектакль ретінде қояды: артистер ойнайды, костюм киеді, сахнаға қуырылған қаз шығарылады, Эго, сұлу қалындық, оның партиясын Альфия Каримова орындайды.
21 сәуірде «Астана Опера» артистерінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Содан кейін осы бағдарламамен труппа Теміртауға барады. Гала-концерт бағдарламасына Қазақстанда және әлемге танымал опералардан үзінділер орындалады. Оның ішінде Мақан Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан айтыс, париждік «Гранд Опера» солисті (Қазақстандағы алғашқы және жалғыз) Майра Мұхамедқызының орындауындағы халық әні «Бүлдірген», үш сопраноның орындауындағы Вердидің әні, Пуччини, Россини, Чайковскийдің шығармалары, неаполитандық әндер, тенорлар шеруі бар.
- Қарағандыға келгенде қатты толқимын, - дейді Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, жетекші солисті Альфия Каримова. – Тәттімбет атындағы хормен бірге бірнеше рет ән салғам. Ал «Астана Опера» құрамында Қарағандыға бірінші рет келіп тұрмын. Біз күрделі әрі лайықты бағдарламамен келдік. Көпшілікке келсек, ол классиканы бүкіл жерде жақсы қабылдайды. Нью-Йоркте Карнеги-Холлда, Торонтода, Жапонияда да өнер көрсеткем. Барлық жерде тыңдарман бірдей: жақсы музыка жүректен орын табады. Қарағандыда стационарлық опера театрының болмауына қарамастан, адамдардың операға деген қызығушылығы бар. Бізді жылы қабылдады.
Артистің сөзіне көрермендерге толы залдар дәлел бола алады. Билеттер бірнеше күн бұрын сатылып кетті.


Вернуться назад

-
Караганда ................... 20
USD ...................... 325.00
EUR ...................... 362.80
RUB ...................... 5.50

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді