20.10.2017 07:45
kz ru en
Главная Біздің облыс → Қарағанды облысының тарихы

Қарағанды облысының тарихы

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда  құрылды, орталығы Петропавл қаласы болған. 1936 жылы Қарағанды облысы  екі облысқа бөлінді: Солтүстік Қазақстан (орталығы Петропавл қаласы) және Қарағанды (орталығы Қарағанды қаласы). 1936 жылдың 29-шы шілдесінде Қарағанды қаласы облыстың әкімшілік және мәдени орталығы болды.
1833 жылы Аппақ Байжанов Қарағандыбасы деген жерде «жанар тас» тапты. Бұл  кен орындарында орыс көпестері (1856-1904), кейін шетел концессионерлері (1904-1919) өнім өндіре бастады.
1929 жылы қарашада «Қазаққөмірқұрылысы» басқармасы ашылды. 1930 жылы басқарма «Қарағандыкөмір» тресі болып қайта құрылды. 1931–1936 жылдары жер бетіне жақын жатқан көмір қабаттарын барлау ісіне пайдаланатылатын шахталар салынды. 1959–1965 жылдары Қарағанды көмір бассейні өнім өндіру жөнінен КСРО басқа бассейндері ішінен бірінші орынға шықты.
Облысымыздың аймағында көмір өнеркәсібінің дамуымен Балқаш  өңірінде мыс өнеркәсібі кәсіпорны қарқынды дамыды.
1929 жылы  2 маусымда «Қазақстанның түсті металлургиясының дамуы туралы» Қаулы қабылданды. Осы кезден бастап  Солтүстік Балқаш маңындағы кен орындарды іздеу және бұрынғы кен орындарын нақтылау тарихы басталды. Осы жылы  белгілі геолог М. П. Русаков Қоңырат аймағында табылған рудалы жердің геологиялық және экономикалық  дәлелін жасады. Қоңырат өз қазба байлықтарымен, сол уақыттағы бұрынғы КСРО-дағы белгілі мыс кен орындары қорларынан артық екендігін дәлелдеді. Балқаш аймағында  құрылыс қарқынды түрде жүргізілді. Алғашқы құрылысшылар киіз үйлерде және жер үйлерде тұрды. Құрылыс материалдары  түйемен тасылды.
1935 жылы Балқаш-Қарағанды  темір жолы  салынды. Балқаш  шөл даласына алғашқы автомобильдер келді. Қоңырат кенті жылдам бой көтеріп, онда токарлық жабдығымен механикалық шеберханалар және бұрғылау станоктары, уатқыш цехы,  қызметкерлер және жұмысшылар үшін үш тұрғын жер үйлер, дәрігерлік бөлім, монша, наубайхана, ат қоралар салынды.
1932 жылы 29-шы маусымда «Мыс қорыту комбинатының құрылысы туралы»  Ауыр өнеркәсіп халықтық комитеті ұжымының қаулысымен негізгі өнеркәсіп құрылысы, байыту фабрикасы, мыс қорыту зауыты, жылу электр станциясы, жөндеу-көмекші базасы, сонымен қатар Балқаш көлі маңында қала салу орнын бекітті.
1934 жылдан бастап Балқаш маңындағы құрылыс үлкен қарқынмен жүзеге асырыла бастады. Комбинат құрылысшыларының кенті мәдени орталыққа айналды. 300 орынды аурухана, 17 дәрігерлік бөлімдер, жедел көмек көрсету орталығы пайда болды.
1937 жылдың сәуірінде Балқаш көлі маңындағы  кенті өзгертіліп, Балқаш қаласы атанды. Ұлы Отан соғысы  жылдары облыс еңбеккерлері фашизмге қарсы бүкілхалықтық іске маңызды үлес қосты. Балқаш пен Қарсақпай мыс қорыту зауыттары, Жезқазған мен Қарағанды көмір бассейнінің кәсіпорындары үлкен рөл атқарды. Шахтерлердің жемісті еңбегінің арқасында Қарағандыда көмір өндіру көлемі екі есе артты. КСРО-ның батыс облыстарынан   көшірілген кәсіпорындар жылдам екпінмен қатарға қосылды. Луганск қаласынан 1941 жылы Пархоменко атындағы зауыт өзінің құрал-жабдықтарымен, қызметкерлерімен, инженерлік-техникалық жұмысшыларымен келді. Бір айдан соң зауыт әскери өнім шығара бастады.
«Барлығы майдан мен жеңіс үшін» ұранымен  Кеңес әскерінің жауынгерлеріне облыстың ауылдық аймақтарынан азық-түліктер жөнелтілді.
1942 жылдың 25 сәуірінде «Толық металлургия жүйесімен Қарағанды қаласы маңында металлургиялық зауыт құрылысын салу туралы» Халық Комиссарларының Кеңесімен Қаулы қабылданды.  Құрылыс халықтық болып жарияланды. 1944 жылдың 31 желтоқсанында сағат 12.00-де алғашқы балқытылған металл алынды.  1945 жылдың 1 қазанында ҚазКСР Жоғарғы Кеңес президиумының Қаулысымен Самарқанд кенті  Теміртау қаласы болып  аталды.
Теміртау Қазақстанның жас қалаларының бірі. Орталық Қазақстанның шөлді даласында шағын кент базасында құрылған Самарқанд 60 жыл ішінде 170 мың халқы бар республиканың ірі қоныстанған аймақтарының біріне айналды.
50-жылдары облыстың ауыл шаруашылығы озық дамыды. Тың және тыңайған жерлерді игеру аса маңызды рөл атқарды. 1958 жылы 1 млн. 232 га тың жер игерілді және 16 ірі тың совхоздары ұйымдастырылды. Дәнді дақылдар егістіктерінің кеңеюі облысқа 60 миллионнан жоғары нан пұттарын жинауға септігін тигізді. Осы жетістіктері үшін облыс 1958 жылдың   6 қазанында Ленин орденімен марапатталды.
60-жылдары Қарағанды облысы картасында жаңа серіктес қалалар пайда болды: Саран, Абай, Шахтинск. Соғыстың ауыр жылдарында, 1943 жылы Сарандық көмір кен орнын игеру үлкен қарқынмен басталды. Жұмыс кенті Саран тез өсе бастады.
1944 жылдан 1958 жылға дейін 6 шахта жұмыс істеді (№№ 106, 106, 101, 107, 120, 121).
1954 жылдың 20 желтоқсанында ҚазКСР Жоғары Кеңес Президиумының Қаулысымен Саран кенті Саран қаласы  аталды. Қаланың дамуына  тиімді әлеуметтік-экономикалық және материалдық-техникалық жағдайлар жасалған. 70-жылдары (қала құрылуынан 15 жылдан кейін) қалада 40-тан астам өнеркәсіп кәсіпорындары, көліктік және құрылыс ұйымдары жұмыс істеді. Қалада 7 шахта, 3 байыту фабрикасы, 4 құрылыс ұйымдары, 2 ЖБИ зауыты, 2 кірпіш зауыты, нан зауыты, 18 жалпы білім беру мектебі, музыкалық мектеп, мәдениет орталығы жұмыс істеді.
1961 жылы ҚазКСР Жоғары Кеңесі  Президиумының Қаулысымен Шерубай-Нұра кенті Абай қаласы болып өзгертілді. Осылайша облыс картасында ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың атындағы кеншілер, энергетиктер, құрылысшылардың жаңа қаласы пайда болды.
Ол кезде Абай қаласында өнеркәсіптік өнім шығаратын 12 кәсіпорын жұмыс істеді. Қала халқының саны 44 мың адам болды.  Қалада 10 жыл ішінде қуаттылығы 700 мың киловатт Қарағанды ГРЭС-2 электростанциясы, № 9 және № 5 шахталары ірі панелді үй-құрылыс зауыты екі бөліп сорттау фабрикасы, шахталық құрылыс цехы, механикалық зауыт, тігін фабрикасы іске қосылды. Сонымен қатар, клубтар, мектептер, ауруханалар, сауықтыру орындары, екі техникум, музыкалық мектеп, кинотеатр салынды. Қаланың ірі өнеркәсіп салалары: энергетика, көмір, құрылыс индустриясы, темір жол және автомобиль көлігі.
1956 жылы Тентек кокс көмір өндірісінің кенті ретінде Шахтинск қаласы пайда болды.
1961 жылдың 15 тамызында КСРО  Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Қаулысымен Тентек кенті Шахтинск қаласы болып аталды. Облыс картасында тағы бір серіктес  қала пайда боды.
Өнеркәсіптің негізгі саласы — көмір шахталары. Олар Шахтинск қаласының автомобиль жолдары желісімен  байланыста 3–8 километр қаладан алшақ орналасқан. Жас қала құрылысы жылдарында жалпы білім беру мектептері мұғалімдер мен оқушылардың саны өсті. Барлық мектептер кең пәндік кабинеттер, актілі және спорт залдары бар типтік ғимараттарда орналасқан. Шахтинск аймағының ірі шахталарының бірі «Ленин» атындағы шахта. Ол 1964 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылды.
1980 жылдары «Қарағанды көмір» бірлестігіне 26 шахта, екі көмір кеніші және 100 мың адам жұмыс істейтін басқа он шақты бөлімшелер енді. Жыл сайын шамамен 50 миллион тонна көмір өндірілді. 1978 жылдың қаңтар айында Қарағанды шахталарынан бірінші  миллиард тонна көмір шығарылды.
Қарағанды аймағында  ғылым тез дами бастады, облыс республиканың ірі жоғарғы оқу орны орталығына, жоғарғы кәсіпқой кадрлар дайындау аймағына айналды. Облыста 7 жоғары және 23 орта арнайы оқу орындары болды.
1963 жылы қала және ауыл тұрғындарына  тұрғын-азаматтық құрылыс жобасын жасау бойынша «Қарағанды қалалық ауылдық жоба» Мемлекеттік жоба институты құрылды. Институт қала және ауыл тұрғылықты орындарының жоспарлау жобаларын, аймақтар, шағын аймақтар, кварталдарды жобалауды жүзеге асырды. 1970 жылдың тамыз айында ҚазКСР-інің 50 жылдығын тойлау кезінде 1200 орынды «Юбилейный» кинотеатры салынды, қазір онда сауықтыру боулингі «Арман» орналасқан.
1984 жылы Қарағандының іргесі қаланғанына 50-жыл толуы құрметіне және қала еңбекшілерінің социалистік құрылыстағы ересен табыстарын, елімізді индустрияландырудағы зор ролін, Ұлы Отан соғысы жылдарында жауды талқандауға қосқан елеулі үлесін атап көрсетіп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумыны қаланы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы біздің республикамыздың индустриалды аймақтарының бірі болып табылады.
 
museum.karaganda.kz

-
Караганда ................... 8
USD ...................... 334.11
EUR ...................... 394.65
RUB ...................... 5.81

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді