28.04.2017 04:51
kz ru en
Главная Біздің Қазақстан → Жалпы мәліметтер

Жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
 

Қазақстан Орта Азиядағы, Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Аумағы - 2.724.900 ш.м. Қазақстан көлемі бойынша әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралия мемлекеттерінен кейін 9-і орын алады.
Қазақстан: ҚХР-мен – 146 км, Қырғызстанмен – 980 км, Түрікменстанмен – 380 км, Өзбекстанмен – 2300 км, Ресей Федерациясымен – 6467 км шекаралас. Шекаралардың жалпы ұзындығы – 12187 км.
Республика жерi батыста Жайық өзенінің төменгі ағымынан бастап шығысқа Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км, екі сағат белбеуін ала отырып, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан бастап оңтүстікке Қызылқұм және Тянь-Шань таулы жүйесіне дейін 2000 км созылған.
Мемлекеттің климаты тым континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –19-дан – 4оС-ға дейінгі шегінде болып тұрады, шілденің орташа температурасы +19-дан + 26оС-ға дейін. Қыстың ең төмен температурасы –45оС-ға дейін жетеді, ең жоғары +30оС-ға.
Қазақстанда 8,5 мың үлкен және кіші өзеңдер бар. Ең үлкен өзеңдер – Каспий теңізіне құйылатын – Эмбі және Орал, Аралға құйылатын – Сырдария. Ертіс, Есіл, Тобыл өзеңдері республиканы кесіп өтіп Солтүстік Мұзды мұхитына құйылады.
Қазақстанда 48000 үлкен және кіші көлдер есептеледі. Оның ішінде ең үлкен – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Селетеңіз. Қазақстанға жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий теңізінің, солтүстік жағалауының көп бөлігі және шығыс жағалауының жартысы жатады. Каспий теңізінің Қазақстандағы жағалауының ұзындығы 2340 км.
Қазақстанның аумағының 26% дала. 167 млн. га жердің (44%) шөл және (14%) шөлейт дала құрайды, орман – 21 млн.га.
Республиканың аумағында сүтқоректілердің 155, 480 – құс, 150 – балық түрлері кездеседі, 250 дәрілік өсімдіктер саналады. Қазақстанның оңтүстігінде жер шарының басқа жерінде кездеспейтін кермек және дәрмене жусаны өседі.
Халқы - 16,03 млн. адам. Халықтың тығыздығы: 1 ш.км 5,9 адам.
Астанасы - Астана қаласы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). Халқының саны 684,0 мың адам.
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы, 175 аудан, 35 кент, 34 кенттік және 2468 ауылдық (селолық) әкімдіктері бар.
 

Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
 

Ұлттық мерекелер – 30 тамыз – Конституция күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
 

Ақша бірлігі – теңге, 1 теңге = 100 тиын. 1993 жылдың
15 қарашасында енгізілген.
 

Мемлекеттiк құрылысы – Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев (1991 жылдан).
 

Табиғи-ресурстық әлеуеті - Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
 

Республиканың көліктік және коммуникациялық кешені темір жол, әуе, теңіз, өзен, құбыр жолдарының көлігімен, автомобиль жолдарының желісімен және телекоммуникациялық жүйелерімен көрсетілген.
Темір жолдардың жалпы ұзындығы 14,2 мың км.
Жүктердің көбі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. Ортақ пайдаланатын авто жолдардың ұзындығы 93 мың км асады, соның ішінде республикалық маңызы бар авто жолдардың ұзындығы – 23,5 мың км.
Теңіз кеме қатынасы Каспий теңізі арқылы жүзеге асады.
Негізгі теңіз порттары – Ақтау және Баутино, олар арқылы Иран және Әзірбайжан елдеріне тікелей өтуге болады.
Әуе көлігі - Түркия, Қытай, Үндістан, Германия, Австрия және басқа елдермен тұрақты әуе қатынастары ретке келтірілді.
 

-
Караганда ................... 10
USD ...................... 313.90
EUR ...................... 342.03
RUB ...................... 5.52

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді