13.12.2017 20:50
kz ru en
Главная Басқарма туралы → Бірінші басшыларының өмірбаяны

Бірінші басшыларының өмірбаяны


Мурат Шолтакович Кадеков
Қарағанды облысының  мемлекеттік  активтер және 
сатып алу басқармасының басшысы.

1957 жылғы 17 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ағадыр кентіңде туған.
Білімі жоғары. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Материалдық ресурстарды басқару және көтерме саудасын ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдады.
1977-1979 жылдары аралығында Кеңес Әскері қатарында борышын өтеді.
Еңбек жолын 1974 жылы Ағадыр станциясы локомотив депосының  жұмысшысы, машинист көмекшісі ретінде бастады. 1980-1982 жылдары   «Карагандажилстрой» тестінің Қарағанды ДСК формовщигы, «Қарағандыкөмір» ҚБ «Тентекская» шахтасының жер асты тау жұмыскері болып жұмыс істеді. 1985 жылдан 1989 жылы аралығында «Кузбассгражданстрой» тресінің Ленин құрылыс басқармасында, «Кароблремстрой» трестінің ААБ Кеңесі, «Углеремстрой» трестінің УРСР және ЭСЗ шебері. 1989-1995 жылдары «Қарағандыкөмір» ӨБ Киров ААБ шебері, прорабы, экономисты. 1995 жылдан бастап «Қажет» ШЖӨ бас бухгалтері, 1996 жылдан бастап «Медиана» ЖШС бухгалтері болып қызмет етті.
1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етті.
1997 жылы РҚ ҚМ Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау комитетінің басқармасында мемлекеттік кәсіпорындарды тексеру бөлімінің бас бақылаушы-тексерушісі болып қызмет етті.
1998 жылы Қарағанды облысы Қазынашылық басқармасының күш ведомстволар ұйымдарын тексеру бөлімінің бас қазынашысы болып қызмет етті.
2001 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі қаржы басқармасының  материалдық өндіріс салалары бөлімінің бас маманы, жергілікті бюджеттерді құрастыру және атқарылуын бақылау бөлімінің бастығы, мемлекеттік органдарында және экономика саласында бюджеттік қаржының қолдануын бақылау бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет етті.
2005 жылдан бастап Қарағанды қаласының қаржы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2007 жылы Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.
2008 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2014 жылы Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Үйленген, екі баласы бар.

 


Жанар Арзанқызы Түсіпова
Басқарма басшысының орынбасары

Жанар Арзанқызы Түсіпова 1981 жылғы 26 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келді.
2002 жылы Қазақстан қаржы-экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдады. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін кеден ісі мамандығы бойынша аяқтады.
2003 жылы еңбек жолын Қарағанды облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасында бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы лауазымында бастады.
2004 жылдан бастап Қарағанды облыстық қаржы басқармасында материалдық өндіріс салаларын қаржыландыру бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет етті. Кейін Қарағанды облысының қаржы басқармасы болып аталған, осы басқармада 2012 жылға дейін жұмыс істеді.
2012 жылғы қыркүйек айында Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму, құрылыс, көлік және коммуникация бөліміне бас маман болып ауыстырылды. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметінің бас инспекторы лауазымына, 2014 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімнің бас инспекторы лауазымына ауысты.
2015 жылғы наурызда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық негізде Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қарағанды облыстық қаржы басқармасында, Қарағанды облысы әкімінің аппаратында, Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасында қызмет еткен уақытта өзін жоғары білікті және талап қойғыш басшы ретінде көрсете алды. Ұйымдастырушылық қабілеттері бар.
Өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайды, еңбек тәртібін сақтайды. Жұмыста және күнделікті өмірде сыпайы. Өзіне және қол астындағы қызметкерлерге талап қоя біледі. Ұжымда беделді.
Қарағанды облысы қаржы департаментінің (2005 жылы) және Қарағанды облысы әкімінің (2007 жылы) құрмет грамоталарымен, Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен (2014 жылы) марапатталды.


Айжан Сериковна Дурсун – «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары. 1978 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентінде туылды.
2000 жылы заңгер мамандығы бойынша Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірді.
2006 жылы экономист мамандығы бойынша Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады.
11.07.2000 жылдан 11.10.2000 жыл аралығында – Қарағанды облысының коммуналдық меншікті басқару департаментінің мемлекеттік меншікті басқарудың, экономикалық талдау мен ақпараттың тиімділігінің мониторингі бөлімінің жетекші маманының м.а.
12.10.2000 жылдан 01.06.2001 жыл аралығында – Қарағанды облысының коммуналдық меншікті басқару департаментінің әлеуметтік салалар мен жылжымайтын мүлік объектілері бөлімінің жетекші маманы.
01.06.2001 жылдан 01.08.2003 жыл аралығында – Қарағанды облысының коммуналдық меншікті басқару департаментінің мемлекеттік меншікті басқарудың, экономикалық талдау мен ақпарат тиімділігінің мониторингі бөлімінің жетекші маманы.
01.08.2003 жылдан 01.04.2004 жыл аралығында – Қарағанды облысының коммуналдық меншікті басқару департаментінің мемлекеттік сатып алу және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы.
01.04.2004 жылдан 31.01.2005 жыл аралығында – Қарағанды облысының коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алу департаментінің жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы.
31.01.2005 жылдан 28.06.2006 жыл аралағында – Қарағанды облысы қаржы департаментінің коммуналдық меншікті басқару бөлімінің жетекші маманы.
28.06.2006 жылдан 12.04.2012 жыл аралығында – Қарағанды облысы қаржы департаментінің коммуналдық меншікті басқару бөлімінің бас маманы.
12.04.2012 жылдан 26.01.2015 жыл аралығында – Қарағанды облысы қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы.
26.01.2015 жылдан 12.05.2016 жыл аралығында – Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының мемлекеттік активтерді басқару бөлімінің басшысы.
12.05.2016 жылдан бастап бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс негізде Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы басшысының орынбасары лауазымдық қызметіне тағайындалды.
Мемлекеттік қызметтегі уақытта өзін білікті, жауапты, тындырымды атқарушы қызметкер ретінде көрсетті. Жеке қасиеттері – сыпайылық, адалдық, ашықтық, тіл тапқыштық, ұйымдастыру қабілеттері. Өзіне және қол астындағыларға қатаң талап қояды.
2010 жылы Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және басқарманың басқа да құрмет грамоталарымен марапатталды.   

Тұрмыста, екі баласы бар. 

-
Караганда ................... -19
USD ...................... 335.38
EUR ...................... 394.07
RUB ...................... 5.67

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді