20.10.2017 07:48
kz ru en
Главная Басқарма туралы → Басқарма тарихы

Басқарма тарихы

1936 жылғы 29 шілдеде Қарағанды облысының құрамынан орталығы Петропавл қаласында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бөлініп шықты.
Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласы болды. Қарағанды облысы Жұмысшылар кеңесінің 1936 жылғы қарашадағы съезінде халық шаруашылығының жекелеген салаларын және мәдениетті басқару үшін бөлімдер мен басқармалар, соның ішінде Қарағанды облысының қаржы басқармасы құрылған.
     Облыс бюджеті ол кезде 4 555 мың сом құраған. Облыстық аппаратта орташа қаржы мамандығымен бар болғаны 7 қызметкер жұмыс істеген.
Өкілеттігі мен функциясының ұлғаюына орай штат саны жылдан жылға арта түсті. Қаржы басқармасы облыстық бюджетті бөлудің бүкіл мәселелерін шешіп, оның атқарылуын бақылаған. Бұған қоса, одақтық, республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қабылдау мәселелері бойынша 14 қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің, Мембанк мекемелерінің қызметін бақылаған. Сондай-ақ, қаржы басқармасының функциясына шығыстардың бекітілген сметаларын облыстың бюджеттік мекемелерінің сақтауына тексеріс жүргізу, халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларына талдау жасау кірген.
     1938 жылдан бастап 2010 жылдарға дейінгі кезеңде қаржы басқармасын (бөлімін): Петр Иванович Костенко, Александр Васильевич Нарышкин, Семен Митрофанович Курганский, Петр Яковлевич Половнев, Аймағамбет Абыроев, Петр Фомич Федорук, Қалыш Тайшығұлов Бадин (құрметіне қаржы басқармасының ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған), Әбікен Жаңбырбекұлы Төлеубаев (құрметіне қаржы басқармасының ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған), Әнуарбек Жәлелұлы Сұлтанғазин, Серік Нөгербекұлы Нөгербеков, Аделаида Константиновна Молотовник, Нұрлан Аманжолұлы Нұрғалиев, Серік Балғатайұлы Өтешов басқарған.
     Қаржы басқармасы жұмыс істеген уақытта оның құрамынан:
     1991 жылы – Салық комитеті департаменті;
     1991 жылы – Қаржылық бақылау инспекциясы;
     1995 жылы – Қазынашылық департаменті;
     1996 жылы – Методология, бухгалтерлік есеп және аудит басқармасы;
     2005 жылы – Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сияқты дербес мемлекеттік құрылымдар бөлінді.
     2005 жылдан бастап Қарағанды облысының қаржы басқармасы облыс бюджетін атқару және коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті орган болып табылады. Басқарма құрылымында 12 бөлім бар. Штат саны – 57 адам.

-
Караганда ................... 8
USD ...................... 334.11
EUR ...................... 394.65
RUB ...................... 5.81

Сіздің сайттың жаңаруының жеделдігін бағалауыңыз?

Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
Ақпарат жаңартуда кешігулер бар
Жаңарту жедел, бірақ аз мөлшерде
Пайдасыз ақпарат көп
Жаңару көрінбейді